» Материалы за Декабрь 2015 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Исраил Сапарбаймен әдеби-сазды кеш өтті.

Автор: admin от 21-12-2015, 22:23, посмотрело: 766

6

Исраил Сапарбаймен әдеби-сазды кеш өтті.Мен үшін өмірдің өзі бір тамшы көздің жасындай...

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде «Жасын» театр үйірмесінің ұйымдастыруымен «Мен үшін өмірдің өзі бір тамшы көздің жасындай» атты ақын-сазгер, драматург "Платиналы Тарлан” сыйлығының лауреаты Исраил Сапарбайдың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Жыр кешінің беташар сөзі колледжіміздің директоры Е.С. Карагуловқа берілді. Құттықтау сөзден соң жыр тиегі ағытылып, жалпақ жұртшылыққа өлеңнен шашу шашылды. Кеш барысында өнерлі жастарымыз Исраил ағаның шығармашылығын, әдемі әуезді әндерін орындап дүйім жұртты әнге бөлеп, кеш ажарын аша түсті. Сондай-ақ Исраил Сапарбайдың «Қыз мұңы» қойылымынан, «Сыған серенадасы» музыкалық драмасынан үзінді қойылды. Кеш соңында махабат деген ұлы сезімнің жаршысына айналған аяулы ақынымыз Исраил Сапарбай сахнаға шығып көрермен қауыммен өз өмір белестерімен бөлісіп, көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді және найзағайдай жарқыраған, қылыштай өткір, сезім қылын шертерліктей нәзік, оттай жалынды жырларын оқып жұртшылықтың көңілін бір серпілтіп тастады. Әдебиет өнерінде, оның ішінде поэзияда айқын із қалдырған лирик ақын И.Сапарбаймен жүздесу әдебиетті сүйіп оқитын жастар үшін тағлымы мол болды. Ақынның сыршыл, парасатты жыры жүрекке нәр беріп, жастардың поэзияға деген құштарлығын арттырды.

 

Алматы сервистік қызмет

көрсету колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің оқытушысы

ЕрмахановаЖ.Т.

 

 

Исраил Сапарбай шығармашылығына арналған «Мен үшін өмірдің өзі бір тамшы көздің жасындай» атты әдеби-сазды кештің есебі

21.12.2015 жылы «Жасын» театр үйірмесі мүшелерінің қатысуымен «Мен үшін өмірдің өзі бір тамшы көздің жасындай» атты Исраил Сапарбай шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өткізілді. Әдеби кештің шымылдығы колледж оқытушысы Аханова Мөлдірдің орындауындағы «Егіз-лебіз» әнімен ашылды. Студенттерді ақындық әлемі мұң мен ойға оранып, сағынышпен зерделенген Исраил Сапарбайдың шығармашылық дүниесімен таныстыра отырып, поэзия нәрімен сусындату, ақын жырларын оқырман қауымға кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кеште білім алушылар «Сыған серенадасы», «Қыз мұңы» пьесаларын сахналап, ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Колледжіміздің өнерлі жастары И. Сапарбайдың әндерін орындап, көпшілікті әсем әуенге бөледі. Білім алушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, кеш нүктесін қойды.

 

Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы: Ермаханова Ж. Т.

Қоғамдық-гуманитарлық бірлестік төрайымы: Жумабекова А.А

 

Категория: Информация

 

Тәуелсіздік күні

Автор: admin от 11-12-2015, 22:16, посмотрело: 528

3

Тәуелсіздік күніҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледж ішінде мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада желтоқсан оқиғасына қатысқан қайраткерлері қонақта болды. Өндірістік оқыту шебері Қабылбаева Әсия Әуесханқызы және өз тобымен осы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды.  

Категория: Информация

 

Профилактика правонарушений

Автор: admin от 10-12-2015, 16:22, посмотрело: 617

7

Профилактика правонарушенийНа базе колледжа сотрудники Ауэзовского РОВД провели открытое мероприятие «Профилактика правонарушений».

Категория: Информация

 

Городская олимпиада по «Математике»

Автор: admin от 9-12-2015, 22:21, посмотрело: 640

4

Городская олимпиада по «Математике»Городская олимпиада по «Математике» посвященная «75- лет профессионального и технического образования» среди студентов колледжей г. Алматы. Студент группы №22 Чижиков Александр занял Гран-при. Главный приз кубок.

Категория: Информация

 

«Мен-Кәсіпкермін» сайысы

Автор: admin от 8-12-2015, 22:13, посмотрело: 586

5

«Мен-Кәсіпкермін» сайысыАлматы қаласының колледж оқушыларының арасында «Мен-Кәсіпкермін» сайысы өтті. Осы сайыста Серая Надежда Викторовна өз оқушыларын қатыстырып, жақсы нәтиже көрсетті.

Категория: Информация