» Материалы за Октябрь 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жырлаймын ұстаз өзіңді

Автор: admin от 18-10-2016, 02:20, посмотрело: 445

6

«Жырлаймын ұстаз өзіңді» атты концерттік бағдарламаның есебі

XXI ғасырға лайықты ұрпақ тәрбилеу

үлкен құрметке ие боларлық ауыр салмақты

және үлкен жауапкершілікті талап ететін еңбек.

Н.Ә. Назарбаев

Қазан айында аталып өтетін мерекелер ішіндегі ең ұлық та, ұлағатты мерекенің бірі – Ұстаздар күні. Осынау ерекше күнді атап өту мақсатында колледжімізде қазанның 1 күні 21-топ жетекшісі Ермаханова Ж.Т., өндірістік оқыту шебері Кабылбекова И.У. және 21-топ студенттері мен 28-топ өндірістік оқыту шебері Нағымбаева Ғ.Н. студенттерінің ұйымдастыруымен ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш шара таң сәріден білім алушылардың оқытушыларды салтанатты түрде қарсы алуынан басталды. Бұдан соң ұстаздар ұлықталған «Жырлаймын ұстаз өзіңді» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Білім алушылар ғалым да, шахтер де бас иетін ерекше қасиетке ие ұстаздар қауымына өлең арнап, мың бұрала биледі. Оқытушылар студенттердің күрделі және жай сұрақтарына жауап беріп, қызықты жайттармен бөлісті. Оның ішінде өздерінің алғашқы сабақ берген кездері, қандай пәнді жақсы көріп, қайсысын ұнатпағандығын еске түсіріп және бұл мамандықты неге таңдағандарын еске алып, бір марқайып қалды. «Есте сақта» көңілді тапқырлар клубы әдемі әзілдерімен көрермендердің көңілін көтерді. Колледжіміздің түлектері Ануарбек Дәурен мен Селбаева Динаш, Бейісханова Айнұр білім көшін алға қарай жылжытып келе жатқан ұстаздарға алғысын білдіре отырып, мерекелік кештің көркін қыздырды. 

 

Жырлаймын ұстаз өзіңді

 

Жырлаймын ұстаз өзіңді

 

Жырлаймын ұстаз өзіңді

 

Категория: Информация

 

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

Автор: admin от 17-10-2016, 22:02, посмотрело: 638

8
Отбасында адам бойындағы
асыл қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады. Отанға деген ыстық
сезім жақындарына, туған-туысқандарына
деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев

2013 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні болып бекітілген болатын. Еліміздің мерекелер күнтізбесіне енген бұл күн 2016 жылы 10 қыркүйек күні Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде ерекше аталып өтті. «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала елі» жобасы аясында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу мақсатында «Отбасы бірлігі – Отан бірлігі» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Тәрбиелік мәні зор шара барысында 14-топ студенттері ата-ана, отбасы тақырыбында өлеңмен өрілген ойларын жеткізіп белсенділік танытты. 23-топ студенттері мың бұрала билеп, әсем әнмен көптің көңілін баурап алды.

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

 

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

 

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

 

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

 

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

 

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

 

Категория: ---

 
 
 
 
 

Тема

Автор: admin от 14-10-2016, 01:07, посмотрело: 440

5

Категория: ---