» Материалы за 16.11.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Рухани қазына»

Автор: admin от 16-11-2018, 20:28, посмотрело: 504

10

«Рухани қазына»

 

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Рухани қазына» жобасын ілгерілеті мақсатында қараша айының он бесі күні Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде "Абай оқулары" аудандық байқауы өтті. Абай шығармашылығын насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті. Өзге ұлт өкілдерінің жастары ұлы ақын Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін нақышына келтіре оқып, әсем әндерін шырқады.

Категория: ---

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Автор: admin от 16-11-2018, 20:23, посмотрело: 542

10

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

 

16 қараша 2018 жылы «Гранд парк» сауда орталығының залында Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің 1 курс студенттеріне арналған студент қатарына қабылдау мерекесі өтті. Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының және Нұр Отан партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен іс шараны колледж директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ж Ергазина ашып, бірінші курс студенттерін құттықтады, жаңа толқынның алдыңғы толқыннан да биік болу керектігін, мақсаттарға жету жолында еңбектену, білім алу қажеттілігіне тоқталып, студенттерімізге үлкен жеңістер тіледі. Қызыл дипломға үміткер 1 курс студенттеріне студенттік билет салтанатты түрде тапсырылды. Әрбір топ студенттері өз өнерлерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. Студенттік ант та қабылданды. Іс шараға көптеген ата аналарымызда белсенділік танытып, куә болды.Қамқорлық кеңестің мүшесі, колледж ата аналар комитетінің төрайымы Б. Төлеуғазықызы жастарға ақ тілегін айтып, ақ жол тіледі. Колледж гимні орындалып, жас толқын жастардың жанарынан жалын байқалды.

Категория: ---