» Материалы за 22.11.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Инженерлік педагогикалық ұжымы ұлы даланың тарихи тұрғыдағы жеті қыры көрсетілген мақаласын талдау мақсатында колледж кітапханасына жиналды

Автор: admin от 22-11-2018, 12:30, посмотрело: 1110

13

Инженерлік педагогикалық ұжымы ұлы даланың тарихи тұрғыдағы жеті қыры көрсетілген мақаласын талдау мақсатында колледж кітапханасына жиналды

 

22.11.2018 жылы Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі инженерлік педагогикалық ұжымы ұлы даланың тарихи тұрғыдағы жеті қыры көрсетілген мақаласын талдау мақсатында колледж кітапханасына жиналды. Кітапхана жетекшісі Эльмира Мухаметқалиқызы мақалада көрсетілген жобаларға тоқталып, алдағы міндеттер туралы айтты. 
Мақалада аталған жеті қырымыз шын мәнінде қазіргі Қазақстан жерінде мекендеген біздің ата-бабаларымыздың материалдық және рухани дүниелерді жасап, оны әлемдік тарих пен игіліктер қоржынына салғанын көрсету болса, ендігі кезекте оларды дәріптеу, оған халықтың сенімі мен қызығушылығын ояту тарихқа жаңаша үңілуге түрткі болары сөзсіз.
Өскелең ұрпақты түрлі заманауи игіліктерді пайдалануда өзіндік адами қасиеттерін, құндылықтарын жоғалтпауы үшін өз елінің, ұлтының тарихымен мақтаныш сезімін тудыру, оның кешегі өткен жолын жалпы әлемдік дамумен сабақтастыра отырып тәрбиелеу – үлкен міндет, жоғары жауапкершілік.
Жиын соңында директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ергазина педагогтарға табыстар тілей отырып, «Игі бастаманы жаңаша білім алып, заманауи трендтермен ұштасқан ұлттық мәдениетпен сусындап өсіп келе жатқан жастарға бағыт бағдар беру міндетіміз» деді.

Категория: ---