» Материалы за 24.11.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Жастар – Отанға!»

Автор: admin от 24-11-2018, 12:20, посмотрело: 438

27

«Жастар – Отанға!»

 

Нұр Отан партиясының «Жастар – Отанға!» – «Молодежь – для страны!» жобасын және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі базасында волейболдан қалалық жарыс өтті. Алматы қаласы техникалық білім беру колледждерінің барлық командалары жарысқа жақсы дайындықпен келіп, жеңіске деген құштарлықтарымен ерекшеленді. Волейболдан ұлдар арасында өткен қалалық жарыста 1 орынды Алматы электромеханикалық колледжі, 2 орынды Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, 3 орынды Алматы көпсалалы колледжі, ал қыздар арасында өткен қалалық жарыста 1 орынды Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, 2 орынды Алматы сән және дизайн колледжі, 3 орынды Алматы полиграфия колледжі иеленді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі еліміздің беделі, мақтанышы болсын!

Категория: ---