» Материалы за 02.02.2019

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Latyn álіpbıіne kóshý – rýhanı jańg'yrý talaby»

Автор: admin от 2-02-2019, 10:25, посмотрело: 154

6

«Latyn álіpbıіne kóshý – rýhanı jańg'yrý talaby»

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айының отыз бірі күні Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде «Bolashaqqa bag'dar: rýhanı jań'yrý» «Latyn álіpbıіne kóshý – rýhanı jańg'yrý talaby» тақырыбында қалалық семинар өтті. Латын графикасына негізделген жаңа емле ережелерін саралау, латын қарпін үйретудің заманауи әдістерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шара Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің жетекшісі Г.Ж.Сүлейменованың алғысөзімен басталды. Тарих пәнінің оқытушысы А.С. Жексенбекова «Қазақ жазуының тарихы», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Ж.Т.Ермаханова "Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі», ал А.А.Жумабекова «Елімізде латын әліпбиінің қолдану аясы» атты тақырыпта баяндама жасады.
Латын әліпбиін оқып үйрену жолдары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Б.С. Кунтуарова практикум жүргізді, семинарға қатысушылар қоғамда өткір қойылып отырған жалпыұлттық маңызы бар мәселе жайлы өзара пікір алмасты. Сондай-ақ "Оқыта жүріп, үйренемін" атты көрме ұйымдастырылып, латын графикасы жөнінде мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар, оқытушылардың жетістіктері, білім алушылардың жұмыстары қойылды. Латын әліпбиі болашағы зор, әлемдегі танымал жазулардың бірі және әрі бұл жазу - халықтың сауаттылығын танытып, елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын болады.

Категория: ---