26.01.2019 ж. Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің студенттері «Дінтану» мамандығының магистрі, ислам танушы Иргареев Аманкельды Нуразгалиұлымен кездесіп,«Терроризм және діни экстремизм» тақырыбында ой талқылап, пікір алмасты. Кездесудің мақсаты, жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу, қауіп қатерден сақтану шараларын түсіндіру, бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің маңыздылығын және өмірдегі басты ұстаным екенін түсіндіру болды. Кездесу барысында студенттер ойларында жүрген сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерімен де бөлісті. Елбасымыздың халыққа жолдауында Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды деген болатын, сондықтан тәуелсіздігіміздің нығаюы, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін әрбір қазақстандықтың бір кісідей атсалысуы – абыройлы парыз екенін ешқашан ұмытпайық.