Алматы қаласы
білім басқармасының
"Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»
17
октябрь
2016

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

Отбасында адам бойындағы
асыл қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады. Отанға деген ыстық
сезім жақындарына, туған-туысқандарына
деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев

2013 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні болып бекітілген болатын. Еліміздің мерекелер күнтізбесіне енген бұл күн 2016 жылы 10 қыркүйек күні Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде ерекше аталып өтті. «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала елі» жобасы аясында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу мақсатында «Отбасы бірлігі – Отан бірлігі» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Тәрбиелік мәні зор шара барысында 14-топ студенттері ата-ана, отбасы тақырыбында өлеңмен өрілген ойларын жеткізіп белсенділік танытты. 23-топ студенттері мың бұрала билеп, әсем әнмен көптің көңілін баурап алды.

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

 

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

 

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

 

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

 

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»

 

«Отбасы бірлігі – Отан бірлігі»