Алматы қаласы
білім басқармасының
"Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Партия-бұл біз"
07
февраль
2018

"Партия-бұл біз"

2018 жылдың ақпанның жетісі күні Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде "Партияны жаңғырту процесінде БПҰ рөлі" күн тәртібі аясында "Партия-бұл біз" атты жиналыс өтті. Аталмыш шараға "Нұр Отан" партиясы Әуезов аудандық филиалының БПҰ төрағалары мен төрайымдары, сондай-ақ "Жас Отан" Жастар қанатының белсенді мүшелері де қатысты. КСК "Сайран" БПҰ төрағасы, колледж директоры Карагулов Ерулан Серикұлы партияның сапалы құрамына аудит жүргізу, партия менеджментін толығымен аттестаттаудың әр пунктіне тоқтала отырып көпшілікке түсіндірді. КСК "Сайран" БПҰ xатшысы Ермаxанова Жаркынай Танирбергенқызы партиялық жаңғырудың нақты жоспарымен таныстырды. Қазақстанның экономикалық, саяси және руxани салаларында жаңғыртуды қолдай отырып, жетекші саяси күштің рөлін арттыруға бағытталған жеті міндетке жеке тоқталды. Әуезов аудандық "Жас Отан" Жастар қанатының төрайымы Калиева Аида Султанқызы партиялық жаңғыруға жас отандықтардың қосқан үлесі жайлы айтып өтті. Жастар-партияның маңызды стратегиялық ресурсы екендігін айта келе, еліміздің дамыған отыз елдің қатарына қосылу жолында жас отандықтардың еш аянбайтындығын жеткізді.